Монтанай Эльмира Әзімбайқызы 17.10.1991 жылы Жамбыл облысы, Кенен Әзірбаев ауылында дүүниеге келген. Эльмира Әзімбайқызы бакалавр және магистратура бойынша шетелдік жоғарғы оқу орнының түлегі. Яғни 2010-2014 жж Туркия республикасы Малатья қаласындағы Инону Университетінде «Түрік тілі және әдебиеті» бөлімінде бакалаврды тәмәмдап, 2014-2018 жылдары Түркия республикасы Малатья қаласындағы Инону Университетінде әлеуметтік ғылымдар институтында «Түрік тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша магистратурада білім алды. «Б.Соқпақпаевтың «Балалық шаққа саяхат» атты романын түрік тіліне аудару және романдағы тәрбиелік мәндер» атты тақырыпта диссертациялық жұмысын «өте жақсы» деген бағаға қорғап «гуманитарлық білімдер магистрі» дәрежесін алды. Эльмира Әзімбайқызы 2018 жылдан бастап әл–Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Шығыстану факультетінің Түрксой кафедрасында оқытушы және Түрксой кафедрасында оқу және тәрбие жұмысы жөнінен кафедра меңгерушісінің орынбасары ретінде қызметін атқаруда


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Инёню атындағы университет
Жоғары
2017
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0